Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді
СҚО-да сепаратизмді насихаттаған 14 адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық прокуратура ақпаратына сәйкес, биыл қарашада Петропавл қалалық сотының 2 үкімі заңды күшіне еніп, онда 2 қала тұрғыны сепаратистік әрекеті үшін нақты бас бостандығынан айырылған.
Айыпталушылар «Чат Рулетка» сайтындағы «YouTube» бейнехостингі арқылы Қазақстан Республикасының тұтастығына, оның аумағына қол сұғылмауына және бөлінбеуіне қатысты заңбұзушылықты насихаттағанын жоққа шығарды. Алайда «Instagram» және «TikTok» әлеуметтік желілерінде жарияланған материалдар олардың бұл әрекеттерінің бұлтартпас дәлелі болды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Айта кетсек, 2024 жылдың өткен кезеңінде облыс соттары ұлтаралық араздық пен сепаратизмді қоздыру фактілері бойынша 14 адамға қатысты 10 қылмыстық істі қарады.