Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе облысы прокуроры қызметінен босатылды

Ведомство басшысы тиісті бұйрыққа қол қойды

 Динара Амантай 19.11.2024 | 14:52
Ақтөбе облысы прокуроры қызметінен босатылды
Фото: Ақтөбе обл. прокуратурасының баспасөз қызметі

Ақтөбе облысы прокуроры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстан Республикасы президентінің келісімі негізінде Бас прокурордың 2024 жылғы 18 қарашадағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидолла Зиноллаұлы Дәуешов Ақтөбе облысының прокуроры лауазымынан қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты босатылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Халидолла Дәуешов заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама