Тоқаев Монако князін құттықтады

Динара Амантай

Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастық нығая беретініне сенім білдірді

Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Князь II Альберді Монаконың Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Президент Монаконың орнықты даму, қоршаған ортаны қорғау және барша адамзат үшін қауіпсіз келешекті қамтамасыз ету ісінде үлкен күш-жігер жұмсап келе жатқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монако арасындағы достыққа негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Князь II Альберге және Монако халқына бақ-береке тіледі.