Halyq Uni логотип
×

Халықаралық террористік ұйымға қатысы бар күдікті елге қайтарылды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 19.11.2024 | 10:44
Халықаралық террористік ұйымға қатысы бар күдікті елге қайтарылды
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 16 қарашада Анталиядан халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдіктіні Алматыға жеткізді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Тергеу материалына сәйкес, ол ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған. Содан кейін Түркияға жетіп, сол жерде полиция органдарымен ұсталған.

Күдікті өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталды.

ҰҚК фигурантқа қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Ол сот санкциясымен қамауға алынды, – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама