ТЭЦ-3 табиғи газға көшіріліп жатыр
Алматы облысында 5 мыңға жуық тұрғынға газ беру тоқтатылады, деп хабарлайды Halyq Uni.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ мәліметінше, бүгін ТЭЦ-3-ке дейін тартылып жатқан жаңа газ құбырын қосу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Алматы облысы Іле ауданының келесі елді мекендеріндегі 4449 абонентке көгілдір отын беру уақытша тоқтатылады:
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аталмыш елді мекен тұрғындардан жұмыстар аяқталғанға дейін газ шүмектерін жауып қоюды және «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалы мамандары іске қосу шараларын толық аяқтамайынша газ шүмектерін ашпау сұралады, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, шара ТЭЦ-3-тің табиғи газға көшірілуіне байланысты жүргізіліп жатқаны атап өтілді.