Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр
Мәскеуде Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауымен тонау жасап, халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес, 2018 жылы күдікті Ақтау тұрғынына зорлық-зомбылық көрсетіп, оны тонап кеткен.
Ер адам қамауға алынды. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр.