Қазақстанда 1500-ден аса гидротехникалық нысан тексеруден өтті
Елімізде 8 бассейндік инспекция бар
Су және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары еліміздегі 1502 гидротехникалық құрылысқа зерделеу жүргізді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Тексеру нәтижесінде гидротехникалық құрылыстардың иелеріне анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар берілді.
Айта кетсек, елімізде 8 бассейндік инспекция бар: Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Ертіс, Есіл, Жайық-Каспий, Нұра-Сарысу, Тобыл-Торғай және Шу-Талас бассейндік инспекциялары.
Барлық су қоймалары бекітілген кесте бойынша жұмыс істейді. Жоспар су тасқынына қатысты болжамдарға байланысты түзетіледі. Көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын қабылдауға бос орынды қамтамасыз ету үшін елдің солтүстік, батыс, шығыс және орталық су қоймаларынан су жіберілді. Қазақстанның оңтүстігіндегі су қоймалары су жинау режимінде жұмысын жалғастырып жатыр, – деді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының міндетін атқарушы Гүлмира Имашева.