Halyq Uni логотип
×

Мемлекет басшысы ресми сапармен Сербияға барды (ВИДЕО)

Келіссөздер қорытындысы бойынша, екіжақты келісімдерге қол қойылады

 Халық үні 18.11.2024 | 20:30
Мемлекет басшысы ресми сапармен Сербияға барды (ВИДЕО)
фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Сербия президенті Александр Вучич Белград әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстан президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді. Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекет басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша, екіжақты келісімдерге қол қойылады. Сонымен қатар Сербияның премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама