Halyq Uni логотип
×

Қытайдан тауар жеткізуге уәде берген әйел 30 адамды сан соқтырған

Сот үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды

 Динара Амантай 18.11.2024 | 17:26
Қытайдан тауар жеткізуге уәде берген әйел 30 адамды сан соқтырған
Фото: Halyq Uni

Шетелден тауар жеткізуге уәде берген әйел 30 адамды сан соқтырған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, күдікті елорда тұрғындарына Қытай мен Түрікменстаннан халық тұтынатын тауарларды тікелей жеткізуге уәде беріп, алдын ала қылмыстық жоспар құрған.

Азаматтарды алдау үшін ол WhatsApp мессенджерінде арнайы топтар ашып, тауарларды нарықтық құннан төмен бағамен жарнамалаған. Осылайша, 30 адамның 3 млн теңгеден астам қаржысын иемденіп, өз қажеттілігіне жұмсаған, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сотта қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, жәбірленушілермен азаматтық-құқықтық қатынаста болғанын көрсетті. Алайда прокурор сотталушының бастапқыдан тауар жеткізуді жоспарламағанын және өзіне алған міндеттемелерін орындауға ниеті болмағанын дәлелдеді.

Сот үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген материалдық шығын сотталғаннан өндірілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама