Halyq Uni логотип
×

Құрылысқа қатысты мемлекеттік сатып алу қағидаларына өзгеріс енгізілді

Жаңа заң келер жылдан бастап күшіне енеді

 Динара Амантай 18.11.2024 | 17:03
Құрылысқа қатысты мемлекеттік сатып алу қағидаларына өзгеріс енгізілді
Фото: Halyq Uni

Құрылыс жұмыстарына қатысты мемлекеттік сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жоғары аудиторлық палата ақпаратына сәйкесс, биыл тамызда құрылыста баға белгілеу жүйесінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада мердігердің орындалатын құрылыс жұмыстарына шарттық бағалар каталогы негізінде жасалған сметаны (офертаны) ұсыну көзделмегені анықталды. Салдарынан кейінгі ықтимал түзетулерді негіздейтін құрылыстың нақты құны туралы ақпарат болмады.

Осыған байланысты Қаржы министрлігіне Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, заңнамадағы олқылықты жою бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Нәтижесінде Қаржы министрінің биыл 9 қазандағы бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды іске асыру қағидаларына тиісті толықтырулар енгізілді. Осылайша, құрылыс-монтаждау жұмыстарын сатып алу туралы үлгілік шартта мердігер шарт күшіне енген күннен бастап 5 күн ішінде тапсырыс берушіге шарттық бағалар каталогы негізінде сатып алынатын құрылыс қызметтері бойынша сметаны (офертаны) ұсынуға міндеттелетіні бекітілді, – делінген хабарламада.

Бұл өзгерістер «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі жаңа заңды іске асыру шеңберінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама