Halyq Uni логотип
×

Шымкентте 30-дан аса адамды полиция ғимаратында заңсыз ұстаған

Лауазымды 27 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды

 Динара Амантай 18.11.2024 | 16:24
Шымкентте 30-дан аса адамды полиция ғимаратында заңсыз ұстаған
Фото: Halyq Uni

Жыл басынан бері Шымкент қаласының полиция басқармаларының ғимаратынан 31 адам босатылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қала прокуратурасының мәліметінше, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қылмыстық қудалау органдары ғимаратындағы қызметтік бөлмелерде адамдарды жеткізудің 3 сағаттық мерзімін сақтау туралы Қылмыстық-процесстік кодекс талаптарының орындалуын тексерілген.

Жалпы прокурорлар осы жылдың 10 айында полиция ғимараттарында заңсыз ұсталған 31 адамды (оның ішінде Қаратау ауданында – 9, Тұран ауданында – 8, Әл-Фараби ауданында – 7, Абай ауданында – 5, Еңбекші ауданында – 2) босатқан. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша лауазымды 27 адам тәртіптік жазаға тартылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама