×

АҚШ Украинаға реактивтік дүркін отты жүйені береді

Бұған дейін Қорғаныс министрі Алексей Резников Батыс елдерін сынаған еді

 Дастан Жұмабекұлы 15.06.2022 | 11:13
фото: ria.ru

АҚШ Украинаға реактивтік дүркін отты жүйені керегінше көптеп беретін болады. Бұл туралы rosbalt.ru хабарлады.

The Washington Post  басылымның тілшісі Дэвид Игнатиус жақын арада  Құрама Штаттар Украинаға сегіз реактивтік дүркін отты жүйені беретінін жазды. Бұған дейін АҚШ Қорғаныс министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Колин Кол төрт РДОЖ –дың жеткізетінін айтқан еді.

Біз украиндарға олардың өз жерін қорғау үшін қажетті қару-жарақтың барлығын береміз», – деді Кол.

Бүгін Брюссельде Украинаға қолдау көрсету тобының үшінші кездесуі өтеді. Оған Пентагон басшысы Ллойд Остиннің өзі төрағалық етеді.

Соңғы кездері Украинаның Үкімет мүшелері ауыр қару-жарақтар беруге уәде еткен Батыс елдерінің сөздерінде тұрмай жүргендеріне қатысты реніштерін білдірген еді. Мысалы, Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников қазіргі күндері украин армиясында күн сайын 100-ге жуық жауынгердің қаза тауып, 500-ге жуық сарбаздың жарақат алып жатқанын мәлімдеген болатын.  

Қазір Донбаста кескілескен шайқас болып жатыр. Ресей әскері әсіресе, Северодонецкіні басып алуға бар күштерін салуда.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама