Тоқаев Оман сұлтанын құттықтады
Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынас дами беретініне сенім білдірді
Президент Оман сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің және Қазақстан халқының атынан Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын Оман сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы жеделхатында Оман Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді серіктесі саналатынын айтты. Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің аса жауапты қызметі мен барлық бастамасына табыс, ал Оман халқына құт-береке тіледі.