Астанада 130-дан аса шетелдік заң бұзған
Елордада арнайы профилактикалық іс-шара өтіп жатыр
Астанада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шара аясында 132 шетелдік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қабылдаушы адам құжаттарды дайындау бойынша шараларды қабылдамағаны үшін 26 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Шетелдік жұмыс күші мен еңбек иммигранттарын жұмысқа тарту мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 3 азамат жауапкершілікке тартылды. Елден 35 шетел азаматы шығарылды, – делінген полиция хабарламасында.
Бұрын елден шығарылып, алайда сот үкімін орындамай, елге қайта келген Тәжікстан Республикасының 4 азаматы анықталды. Аталған шетел азаматтары әуежайға жеткізіліп, полиция қызметкерлерінің бақылауымен еліміздің аумағынан мәжбүрлеп шығарылды.
Тәртіп сақшылары елге заңсыз келген шетел азаматтар туралы ақпарат болса, дереу жақын жердегі ішкі істер бөліміне немесе «102» нөміріне хабарласуды сұрайды.