Halyq Uni логотип
×

Астанада екі аудан әкімі тағайындалды

Оларға бірқатар міндет жүктелді

 Динара Амантай 18.11.2024 | 11:00
Астанада екі аудан әкімі тағайындалды
Коллаж: Halyq Uni, фото: gov.kz

Астанада Алматы және Сарайшық ауданы әкімдері тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша 39 жастағы Мақсат Саматұлы Сарайшық ауданының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Алматы ауданының әкімі қызметін атқарды.

  • Ол еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары «Астана қалалық коммуналдық шаруашылық», Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде және тағы басқа жерлерде жұмыс істеді.
  • 2012 жылдан бастап 2019 жылдың мамырына дейін Алматы ауданы әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда болды. 2019 жылдың мамырынан 2022 жылдың тамызына дейін Алматы ауданы әкімінің орынбасары, Байқоңыр ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
  • 2022 жылдың тамыздан бастап Алматы ауданының әкімі лауазымында жұмыс істеді.

Сонымен бірге, 39 жастағы Рустам Тәуекелов Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол осыған дейін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшысы қызметін атқарған.

  • Еңбек жолын Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде бастаған.
  • Әр жылдары «Балкантау KZ» ЖШС басшысы, «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС директорының орынбасары, «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеген.
  • 2022 жылдың қазанынан бастап «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС басшысы қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жаңадан тағайындалған әкімдерге аудан мен тұрғын алаптарды дамыту бойынша бірқатар міндет жүктелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама