Halyq Uni логотип
×

Синоптиктер биылғы қыстың қалай болатынын болжады

Жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормадан артық түсуі мүмкін

 Халық үні 18.11.2024 | 07:51
Синоптиктер биылғы қыстың қалай болатынын болжады
фото: tapeciarnia.pl

«Қазгидромет» РМК мамандары 2024-2025 жылғы қыс мезгіліне арналған маусымдық болжамын жариялап, ел аумағында ауа райының қалай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Желтоқсанда елдің басым бөлігінде циклондардың белсенділігі артады. Бұл құбылыс қар жаууымен, борандармен және екпінді желмен қатар жүреді. Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне жаңбыр мен қар кезек-кезек жауып, таулы аймақтарға қардың қалың түсуі мүмкін. Батыс пен оңтүстікте көктайғақ пен тұман жиі болады.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс және солтүстіктен келетін антициклондар ауа температурасын айтарлықтай төмендетуі ықтимал.

Қаңтарда Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға сәйкес болады деп болжанып отыр. Ал ақпанда ауа температурасы нормадан 1°С-қа жоғары болуы ықтимал.

Қысқы кезеңнің жалпы сипаттамасы

2024-2025 жылғы қыс мезгілінде ел аумағында температуралық режим климаттық норма шегінде болады. Дегенмен жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормадан артық түсуі мүмкін. Синоптиктер кей кезеңде жауын-шашынның тоқтап, ауа температурасының аномальды төмендеуі мүмкін екенін де ескертті.

«Қазгидромет» РМК мамандары ел тұрғындарын қыс мезгілінде ауа райы өзгерістерін бақылап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама