Halyq Uni логотип
×

Ақтауда оқушылар төбелесті: Прокуратура істі бақылауға алды

Жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды

 Халық үні 17.11.2024 | 18:36
Ақтауда оқушылар төбелесті: Прокуратура істі бақылауға алды
Фото: Halyq Uni

Маңғыстау облысының прокуратурасы оқушылардың құрдасын ұрып-соғу оқиғасын тергеуді өз бақылауына алды, деп хабарлайды Halyq Uni lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Прокуратура оқушыны ұрып-соғу фактісі бойынша полиция департаменті мен білім бөліміне тиісті тапсырма берді. Жағдай бақылауға алынды.

Еске салсақ, оқиға 15 қарашада қаладағы №24 мектепте болған. Оқушылар топ болып, өз құрдасын ұрып тастаған. Жағдайға құқық қорғау органдары мен білім бөлімінің өкілдері, сондай-ақ оқушылардың заңды өкілдері тартылды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама