Halyq Uni логотип
×

Атырау облысының ең үлкен көпірінде жарық пайда болды

Көпірді жөндеу жұмыстары біраз уақыт алуы мүмкін

 Халық үні 17.11.2024 | 16:34
Атырау облысының ең үлкен көпірінде жарық пайда болды
Фото https://azh.kz/

Махамбет ауданындағы көпірде жарықтар пайда болып, жүк көліктері үшін қозғалыс жабылды, деп хабарлайды Halyq Uni azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақау туралы кеше белгілі болған, жергілікті атқарушы бидік қауіпсіздік шараларын қолға ала бастады. Қажетті жұмыс көлемін анықтау үшін көпірге техникалық тексеру жүргізіледі.

Жарықтар Махамбет ауылы мен Жалғансай ауылы тұсындағы көпірдің дәл орта тұсындағы белдеуде орын алып отыр. Осыған орай бұл көпірден өтуге ауыр жүк көліктерінің өтуіне тыйым салынуда. Ал жеңіл көліктерде анабір салмақ болмауына байланысты жылдамдықты азайту арқылы, яғни 20 км/сағатпен өтуіне рұқсат берілді. Көпір жөнделгенше, түсіністік танытып, жолда жүру ережелерін сақтауды сұраймыз. Көпірге арнайы жол белгілері орнатылатын болады, - дейді Махамбет ауданы әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Сондай-ақ аудан әкімі сметалық жоба жасалып, жөндеу жүргізілетінін атап өткен. Алайда оған біраз уақыт кетеді. Көпірді жөндеу кезінде көлік қозғалысында кідіріс орын алмайды, себебі балама жолдар бар, ол Атырау-Орал және Атырау-Индер жолдары.

Ақжайық анықтамасына сәйкес, ол - Атырау облысындағы ең үлкен көпір. Оның құрылысы 2014 жылы басталып, 2018 жылы пайдалануға берілген. Көпірдің ұзындығы 860 метр, ені 13 метр. Көпір 180 тонна жүкті көтере алады, кірме жолдың ұзындығы 8,5 шақырым. Жалпы бұл көпір «Атырау-Ақтөбе-Астрахан», «Атырау-Орал» бағыттарындағы қозғалысты жеңілдетеді деп салынған. Бүгінде көпір аудан әкімдігінің балансында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама