Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды
Астанада қайғылы жағдай болды. Жеке екі қабатты үйде өрт шығып, салдарынан төрт бала қаза тапты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қалалық ТЖД ақпаратына сәйкес, өрт таңда басталған. Аталған үйде екі отбасы тұрып жатқан. Үйдің жартысының төбесі жанып, құлаған. Өрт кезінде 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қайтыс болды.
Балалардың қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты жеке екі қабатты тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша ТЖД анықтау бөлімі ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу нәтижелері тексеру аяқталғаннан кейін айтылады», - деді ТЖД.
Астана әкімдігі зардап шеккен отбасыларға тиісті көмек көрсетілетінін атап өтті. Қазір балалардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Аталған үйде тұрған екінші отбасы уақытша баспанаға орналастырылды.