Зардап шеккен 16 адам елорда ауруханаларына жеткізілді
Бүгін Ақмола облысының Сабынды ауылындағы бұрынғы мешіттің ғимаратында газ баллоны жарылып, үш адам қайтыс болды. Оның біреуі кәмелетке толмаған жасөспірім, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ескі ғимараттағы жеті газ баллонның біреуі жарылған, қалған 6-ын сыртқа шығарып үлгерген. Жарылыстан зардап шеккен 16 адам Астананың ауруханаларына жеткізілді. Сондай-ақ үш адамның қаза тапқаны белгілі болды. Құтқарушылар олар 1978 жылы туған ер адам, 1983 жылғы әйел адам мен 2012 жылғы баланың мәйітін тапты.
Қазір оқиға орнында облыстық ТЖД-ның 30 қызметкері мен 5 техникасы жұмыс істеп жатыр.