Halyq Uni логотип
×

Үшарал әуежайының жаңа терминалы салынады

Қазір құрылыстың екі нұсқасы қаралып жатыр

 Халық үні 17.11.2024 | 11:12
Үшарал әуежайының жаңа терминалы салынады
Фото: Үшарал әуежайының ресми сайты

Үшарал қаласындағы әуежайға жаңа терминал салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаевтың Жетісу облысының тұрғындарымен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрліктің мәліметінше, ведомство құрылыстың екі нұсқасын қарастырып жатыр:біріншісі-  ғимараттарды келу және кету аймақтарына бөліп, қолданыстағы терминалдың жанына шағын терминал салу; екіншісі-ауданы үлкен терминал салу.

Қазір кезде жергілікті атқарушы орган талдау жүргізіп, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлейді, – делінген ақпаратта.

Бұған қоса, ведомство өңірде облыстағы «Сарыөзек-Көктал» жол учаскесінің 45-тен 68-ші километрге дейінгі аумағында күрделі жөндеу және 68-ден 110 километрге дейінгі орташа жөндеу жұмыстары аяқталғанын атап өтті. Келесі жылы 0-ден 45-ші километрге дейін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Тиісінше, жол толығымен ретке келтіріледі деп жоспарланып отыр.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама