Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында биыл мың жарым бас малды пойыз қаққан

Оның 500-ге жуығы жылқы

 Ербол Тұрымбет 16.11.2024 | 16:31
Ақмола облысында биыл мың жарым бас малды пойыз қаққан
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында жолаушылар пойызы ірі қара малды қағып кетті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мәселен, Ақмола облысының Тасты – Талды – Баранкөл аралығында Арқалық – Қостанай бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржолда ірі қара малдың болуына байланысты пойызды шұғыл тежеген. Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмай, нәтижесінде 3 ірі қара малды қағып өлтірген. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 18 минутты құраған.

Тексеру барысында Астана станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері үй жануарларының иесі, Арқалық қаласының 54 жастағы тұрғынын анықтады. Ер адам темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазылған полиция мәлімдемесінде.

Polisia.kz жазуынша, жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 1993 дерегі тіркелген. Теміржолда 1526 рет үй жануарларын басып кеткен. Оның ішінде 496 бас жылқы, 323 бас ірі қара мал және басқалар.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама