Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында перзентханадан басталған кортеж айып тұрағынан бір шықты

Барлық көлік иесіне әкімшілік шара қолданылған

 Ербол Тұрымбет 16.11.2024 | 14:49
Алматы облысында перзентханадан басталған кортеж айып тұрағынан бір шықты
Фото: видеодан скриншот

Қонаев қаласынан Арна ауылына бара жатқан кортеж Алматы облысының құқық қорғау органдарының назарын аударған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Әлеуметтік желілердегі мониторинг барысында полицейлер автоколоннаның жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған бейнесін анықтаған. Кортеж Арна кентіндегі Қанаев қаласының перзентханасынан шыққан.

Кортеждің барлық көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Ал олардың иелері жол ережесін өрескел бұзғаны, жалған немесе мемлекеттік нөмірлік белгілерді пайдаланғаны және міндетті сақтандыру полисінің жоқтығы үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаланды, деп хабарлады полиция.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама