Halyq Uni логотип
×

Астана соты Перизат Қайратты 2 айға қамады

Оған қатысты ҚМА тергеу жүргізіп жатыр

 Ербол Тұрымбет 16.11.2024 | 13:29
Астана соты Перизат Қайратты 2 айға қамады
Фото: instagram/01pk

Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Күдіктіні қамауға алуға Астананың тергеу соты шешім шығарған.

2024 жылғы 15 қарашада сотқа тергеу органдарынан күдікті Қайрат Перизатқа қатысты екі айға дейінгі мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш келіп түсті, деп жазылған ресми хабарламада.

Бүгін, 16 қарашада қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш қанағаттандырылған.

Айта кетейік, бұған дейін оның көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілінгенін хабарлаған едік. 

Артынан AMANAT партиясы Biz Birgemiz қорының құрылтайшысы саналмайтынын және оның қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін түсіндірді.

Ал Қаржылық мониторинг агенттігі оған қатысты тергеу дерегі бойынша жарияланған ақпаратқа қосымша тағы бір дерек анықтағанын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама