Салада жаңа технологияны енгізу маңызды
Елордада Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Мемлекеттік басқару жəне мемлекеттік қызмет: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Конференцияның пленарлық отырысына Президент кеңсесінің басшысы Бақытжан Сариев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов, Брюссель дипломатиялық академиясының директоры (Бельгия) Гюнтер Гоблом, қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев қатысты.
Сондай-ақ іс-шараға Мемлекеттік басқару академиясы ректорлары Бургас аймағының губернаторы (Болгария) Мария Нейкова, Мұхаммед бен Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің атқарушы президенті (БАӘ) Али бин Себаа Аль-Марри, Кл. Охрид атындағы София университетінің ректоры (Болгария) Георги Вълчев, Қырғыз президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Алмазбек Ақматалиев, Армения президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Хачатур Казеян, Тәжікстан президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Сафарзода Даврон Джурахон, Ресей президентінің жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының проректоры Андрей Марголин, Орал федералды университетінің Мемлекеттік басқару және кәсіпкерлік мектебінің директоры (Екатеринбург) Алексей Клюев, Миколас Ромерис университетінің Мемлекеттік басқару институтының директоры (Литва) Андриус Стасиукинас қатысты.
Олар мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселесін талқыға салды.
Біздің мемлекеттік басқару мектептері бір-біріне өте ұқсас. Соның ішінде магистранттарға қойылатын талаптар да ұқсайды. Біз өз тәжірибемізді бөлісе аламыз әрі мектептер арасындағы серіктестікті нығайтуға ниеттіміз, - деді Мұхаммед бен Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің атқарушы президенті (БАӘ) Али бин Себаа әл Марри.
Оның айтуынша, Біріккен Араб Әмірліктері жасанды интеллекке басымдық береді.
Біз 2017 жылы Жасанды интеллект министрлігінің құрған алғашқы үкімет болдық. Әрбір мемлекеттік құрылымға жасанды интеллект бойынша бас директор тағайындалды. Олар бұл технология арқылы институт қызметтерін жақсартып, жұмысшылардың өнімділігін қалай арттыруға болатынын зерттейді, - деді Али бин Себаа әл Марри.
Болгариядағы Бургас облысының губернаторы Мария Нейкова бұрын Астанада болғанын, мемлекеттік қызметкерлерге дәрін оқығанын есіне алды.
Мен осы конференцияға қатысып, Болгар тәжірибесін бөлістім. Бургас облысының губернаторы және мемлекеттік басқару саласына зерттейтін профессор ретінде айтарым ұлттық және аймақтық деңгейде жақсы дайындалған мемлекеттік қызметкерлер болуы керек. Биыл осында осында дәріс оқыдым. Вице-ректор, профессор Әлия Масалимоваға дәріс оқуға мүмкіндік бергені үшін жеке алғыс айтамын. Мұнда білімге құштар жас мамандарды көрдім, – деді губернатор.
Сондай-ақ Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов мемлекеттік басқару теориясы мен практикасын дамытудың тұжырымдамалық мәселесіне тоқталды. Ол реформаларды ғылыми сүйемелдеу мәселесін көтеріп, қазіргі сын-қатерлерге жауап берудің сапасы мемлекеттік қызметшілер әрекетінің фальсификациясы және ғылыми зерттеудің нәтижесін пайдаланумен анықталады деген пікірде.