Жаңа бастамаларды іске асыру жоспарланып отыр
Келер жылы Үлттық құрылтай отырысы Бурабайда өтеді. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің форумында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мемлекет басшысы алдыда ауқымды жұмыс тұрғанын атап өтті.
Соған сай жаңа бастамалар мен жоспарларды іске асырамыз. Қазір оның бәрі мұқият зерделеніп жатыр. Келесі жылы халыққа ұсынатын боламын. Кейбір бастаманы әдеттегідей Ұлттық құрылтайда жариялаймын. Оның кезекті отырысы Бурабайда өтеді. Қалғанын Жолдауда айтамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент бос әңгімелер мен өнбес дауларды қумай, болашаққа сеніммен қадам басуға шақырды.