Өскеменде жойқын жарылысқа жол берілмеді
Оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр

Фото: ТЖМ
Өскеменде өрт сөндірушілер жойқын жарылысқа жол берілмеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
ТЖМ мәліметінше, облыс орталығында жер үй өртенген. Өрттің аумағы – 100 шаршы метр. Өрт сөндірушілер жалынның басқа үйге таралуына жол бермеді.
Мамандар үйден 2 газ баллонын шығарып, жойқын жарылысқа жол бермеді. Өрттен зардап шеккендер жоқ.