Halyq Uni логотип
×

Cолтүстік Қазақстанда шаян аулағандар сотталды

 Мемлекетке келтірілген шығын 1,7 млн теңгеден асады

 Дәурен Ерболат 15.11.2024 | 14:26
Cолтүстік Қазақстанда шаян аулағандар сотталды
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында Artemia salina шаянын аулаған 6 тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, былтыр күдіктілерге шаянның жұмыртқаларын заңсыз жолмен аулады деген айып тағылған.

2023 жылғы қыркүйекте Токаревка ауылының маңында облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Мамлют ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері, №3367 әскери бөлімінің әскери қызметшілері екі ВАЗ-2121 көлігін тоқтатқан. Тексеріс барысында күдіктілер ұсталды. Олардан Artemia salina шаянының жұмыртқалары салынған 7 қап тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес келтірілген шғын 1,7 млн теңге екені анықталды.

22 мен 38 жас аралығындағы 6 ер адам сот алдында жауап берді. Соттың үкімімен 2 адам үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, қалғандарының осындай мерзімге бас бостандығы шектелді, - деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама