Halyq Uni логотип
×

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы тәулікте құбылмалы ауа райы сақталады

 Дәурен Ерболат 15.11.2024 | 13:25
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 16-18 қараша арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс циклонның жырасы әсер етеді.

Сондықтан еліміздің батысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады, ал солтүстік-батыста және солтүстікте қар жауып, бұрқасын соғады.

Республиканың қалған аумағында кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, 15-25 м/с-ке дейін жел күшейеді, - деп жазылған «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.

Сондай-ақ күндіз Қазақстанның батысында плюс 2-10 градус жылы, солтүстік-батыста минус 5 градус суық, плюс 5 градус жылы болады.

Солтүстікте, шығыста және орталықта минус 5 градус аяз, плюс 2 градус жылы, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 5-15 градус жылы болады деген болжам бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама