Қазақстан интернеті ең арзан елдер тізіміне енді
Жалпы Орталық Азия елдерінде әлемдік желінің қолжетімділігі жоғары
Қазақстан интернеті ең арзан елдер тізіміне енді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес, еліміз Money Super Market-тің Internet Accessibility Index рейтингінде 1 ГБ деректер үшін ең төменгі баға белгіленген елдер арасында 9-шы орынды иеленген.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы интернеттің орташа бағасы – 1 ГБ үшін 0,61 доллар.
Әлемдік контексте Қазақстан бірқатар елден озып тұр. Атап айтқанда:
- Ресей (0,69 доллар);
- Түркия (0,79 доллар);
- Қытай (0,90 доллар).
Жалпы Орталық Азия елдері интернеттің жоғары қолжетімділігін көрсетіп отыр.