Қарағанды облысында көлік апатынан 7 адам қаза тапты
Жүргізуші рульге ие бола алмай қалған
Қарағанды облысында көлік апатынан 7 адам оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қайғылы оқиға бүгін сағат 10.00 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолында Құрма ауылының (2 шақырым жетпей) маңында болған.
Алдын ала болжам бойынша Toyota Alphard жүргізушісі көлік тізгініне ие болмай аударылған. Көлік апаты салдарынан оқиға орнында жүргізуші және 6 жолаушы көз жұмды. Сондай-ақ 12 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деп жазылған Қарағанды облысы ПД таратқан хабарламада.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция жүргізушілерден жол жүру ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты шектен тыс асырмауды сұрайды.