Halyq Uni логотип
×

Елімізде ауыл әкімдерінің құрамы 70%-ға жаңарған

Олар бұрын әкім болып жұмыс істемеген

 Дәурен Ерболат 15.11.2024 | 10:57
Елімізде ауыл әкімдерінің құрамы 70%-ға жаңарған
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда ауыл әкімдерінің құрамы шамамен 70%-ға жаңарды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді демократияландыруда азаматтық қоғамның рөлін арттыруға бағытталған саяси реформалар аясында 2021 жылғы шілдеде 736 әкімді тікелей сайлаудан басталған Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі сәтті іске асырылып, жалғасын тапты деп ойлаймын. Нақтылап айтқанда, 4 жыл ішінде 2442 ауыл әкімі тікелей сайлауға өткізілді. Бұл жалпы санның 90%-дан астамына тең. Алғаш рет әкім болып 1683 адам сайланды. Осылайша, ауыл әкімдерінің құрамы 69,5%-ға жаңғыртылды, – деді Нұрлан Әбдіров «Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми конференцияда. 

Төраға әкімдер жергілікті билікке жаңадан келген адамдар екенін атап өтті.

70% сайланған ауыл әкімдері бұрын ешқашан  әкім болып жұмыс істемеген. Олар - жаңа адамдар, - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама