Halyq Uni логотип
×

«Семей орманы» қызметкерлері жұмысқа жалған дипломмен орналасқан

Сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды

 Динара Амантай 15.11.2024 | 10:02
«Семей орманы» қызметкерлері жұмысқа жалған дипломмен орналасқан
Фото: Halyq Uni

Абай облысында прокуратура жалған дипломмен жұмысқа орналасқан «Семей орманы» МОТР қызметкерлерін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы резерваттың жоғары оқу орындарын бітіргені туралы жалған дипломдармен жұмыс істеген 5 қызметкерлерін, оның ішінде бір филиал басшысын анықтады.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеттің мәліметіне сәйкес аталған қызметкерлерге диплом берілмеген.

Осы фактілер бойынша ҚК 385-бабының 3-бөлігі («Жалған құжаттарды жасау, дайындау немесе өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полицияға жолданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама