Іздеуде жүрген алаяқ әйел грек аралында ұсталды
Ол Алматыдағы компаниялардың бірінде есепші болып жұмыс істеген
![Іздеуде жүрген алаяқ әйел грек аралында ұсталды](https://halyq-uni.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2024/11/15/6736c7d403091548450072.jpeg)
Греция аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеуге жарияланған алаяқты ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы Алматыдағы ЖШС-ның бірінің есепшісі болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған.
Қазір күдіктіні Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр.