Іздеуде жүрген алаяқ әйел грек аралында ұсталды
Ол Алматыдағы компаниялардың бірінде есепші болып жұмыс істеген
Греция аумағында орналасқан Хиос аралында Қазақстан ІІМ Интерполы шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде халықаралық іздеуге жарияланған алаяқты ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес, 2021 жылы Алматыдағы ЖШС-ның бірінің есепшісі болып жұмыс істеген әйел өзінің жеке шотына 230 мың АҚШ доллары мөлшерінде қаражатты заңсыз аударған.
Қазір күдіктіні Қазақстанға беру туралы мәселе шешіліп жатыр.