Тағы бір ауылға қала мәртебесі беріледі

Халық үні

Елді мекендерді дамытуға қатысты ұсыныстар әзірленіп жатыр

фото: aqshamnews.kz

Ауыл әкімдерінің форумы шалғайдағы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді. Маңғыстау облысында тұңғыш рет өткізілген шараға қатысушылар осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Айта кетсек, бүгінде Маңғыстау облысында 47 ауыл әкімі бар. Оның 43-і AMANAT партиясынан сайланған.

Бұл ретте форумға қатысушылар өңірлерді дамыту мәселесін талқылады. Мәселен, қазіргі Кендірлі ауылы алдағы уақытта облыстық маңызы бар үшінші қалаға айналады.

Бүгінде елді мекендерді дамытуға қатысты ұсыныстар әзірлеп жатырмыз. Жаңаөзенде жалпы саны 80 мың адам тұратын 4 елді мекен бар. Біз аумақтың бір бөлігін бөліп алып, жаңа әкімшілік орталықты облыстық маңызы бар қала мәртебесіне айналдыруды жоспарлап отырмыз, - деді Кендірлі ауылының әкімі Мекен Үйсенов.