Отырысқа Сенат пен Мәжіліс депутаттары қатысады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
«Қазақстан Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 20 маусымда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», – деп жазылған өкім мәтінінде.