Футбол клубтарын қолдауға 200 млрд теңге бөлінген
Қазақстандағы ең қымбат клуб – Astana
6 жылда Қазақстанда футбол клубтарын қолдауға 200 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Антикор өкілі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, жыл сайын елімізде футбол клубтарын қолдауға млрд-таған қаржы жұмсалады. Алайда бұл қаражаттың едәуір бөлігі шетелдік ойыншылардың жоғары жалақысын төлеуге, оқу-жаттығу жиынына, футбол алаңдарын жалға алуға бөлінеді.
Тек 6 жылда футбол клубтарын қолдауға 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Талдау барысында ең қымбат клуб FC Astana екені анықталып, шығыны талданды. Оған барлық қаражаттың 25%-ы яғни 51 млрд теңге тиесілі. 6 жылда Astana футбол клубының 66%-ы 33 млрд теңге еңбекақы төлеуге жұмсалды. Мұнда жалақы мөлшері клубтың басшылығы мен футболшылардың қалауы бойынша анықталды, - деді Данияр Бекайдаров.