Halyq Uni логотип
×

Итбалықтардың жаппай қырылуы: мамандар себебін атады

Кей ауруларға қатысты жүргізілген сынамалар теріс нәтиже көрсетті

 Динара Амантай 14.11.2024 | 17:31
Итбалықтардың жаппай қырылуы: мамандар себебін атады
Фото: Балық шаруашылығы комитеті

Балық шаруашылығы комитеті Каспий теңізінің жағалауынан табылған мыңнан аса итбалық табиғи газдар шығарындыларының себебінен қырылуы мүмкін деген болжам жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мамандары 24 қазан мен 13 қараша аралығында Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауынан 1034 итбалықтың өлексесін тапқан.

Балық шаруашылығы комитеті (итбалықтардың қырылуына – авт.) табиғи құбылыстар, соның ішінде су астындағы жер сілкінісі салдарынан табиғи газдар шығарындылары себеп болуы мүмкін деп болжайды. Итбалықтардың қырылу себептері туралы түпкілікті тұжырымдар ғылыми ұйымдардың мәліметтері бойынша 3-4 айға созылатын зертханалық зерттеулер аяқталғаннан кейін алынады, – делінген хабарламада.

Балық инспекциясы итбалықтардың қырылу факторларын анықтау үшін аумақтық сулардың акваториясына тұрақты мониторинг жүргізуді жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қызметкерлері қазір Астанадағы ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықта жұқпалы аурулардың бар-жоғына зерттеу жүргізіліп жатқан патологиялық материалдың сынамаларын іріктеп алды. 2024 жылдың 13 қарашасында пастереллез, құс тұмауы, жыртқыш оба, сальмонеллез және листериозға арналған ПТР әдісімен зерттелген барлық сынамалар теріс нәтиже көрсетті, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, Каспий теңізінде итбалықтардың жаппай қырылу жағдайлары 2000 жылдардың басынан бері тіркеліп келеді. Атап айтқанда, 2000 жылы 10 мыңға жуық дерек тіркеліп, мертігу себебі ретінде созылмалы токсикоз анықталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама