Halyq Uni логотип
×

БҚО-да пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды

Прокуратура аудан әкімдігіне тиісті ұсыным енгізді

 Динара Амантай 14.11.2024 | 16:44
БҚО-да пайдаланылмаған жерлер мемлекетке қайтарылды
Фото: Halyq Uni

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуын талдау нәтижелері бойынша шаруа қожалықтарының 90-нан астам жер телімін мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Шаруа қожалығы 4 жылдан астам ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге берілген жер телімін игермеген. Заңнаманы бұзу фактілері және оларды жою бойынша шараларды қабылдау мақсатында прокуратура аудан әкімдігіне тиісті ұсыну енгізді. Қадағалау актісіне сәйкес, жалпы ауданы 1388 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы 13,9 млн теңгенің 4 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Сондай-ақ, Жаңақала аудандық прокуратурасының қадағалау актісіне сәйкес, жалпы ауданы 8 мың гектар, кадастрлық құны 22 млн теңгеден асатын мақсаты бойынша пайдаланылмаған 5 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Қазір пайдаланбаған немесе тиісті мақсатта пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама