Павлодарда жылу желісі жөнделіп жатыр
Жылу учаскесінде ақау анықталған
Павлодарда жылу желілері жоспардан тыс жөнделіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Павлодарэнерго» АҚ мәліметінше, №721 жылу камерасынан басталатын желі учаскесінде ақау анықталған.
Қала әкімінің тапсырмасы бойынша қызметкерлер жылу желісінің беріктігін арттыру үшін диаметрі 325 мм 200 метр болатын жылу желісін жоспардан тыс күрделі жөндеуді бастады. ЖұмысРоссийская және Мүткенов көшелерінің бойында істеліп жатыр. Мұндағы тұрғындар қыста сапалы жылумен қамтамасыз етіледі, – деп жазылған компания таратқан хабарламада.
Бұл көшедегі үйлер қысқа уақытқа жылудан ажыратылады, ал жылу желісін ауыстыруға байланысты негізгі жұмыс жылу және ыстықты ажыратпай жүргізіледі.