Аудан прокуратурасы қылмыстық істі тіркеді
Ақмола облысында ауыр қылмысты жасырған полицейлер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ерейментау ауданы прокуратурасы қылмыстық құқықбұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыс аясында тіркеуден жасырылған ауыр қылмысты анықтады. Атап айтқанда, жеке кәсіпкер дүкенінен тауарлы-материалдық құндылықтарды ұрлау фактісі бойынша полицияға арызданған, алайда полиция қызметкерлері бұл қылмысты ұзақ уақыт бойы тіркеуден жасырған және оны ашуға ешқандай шара қолданбаған болып шықты.
Аудан прокуратурасы қылмыстық істі тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу жөнінде полицияға тапсырма берді. Нәтижесінде күдікті тұлғалар ұсталып, іс сотқа жолданды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Полиция бөлімінің кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.