Еуропа елдерінің Ресейге жанармай үшін 44 миллиард еуро төлеген
Венадағы Климаттық саммитке онлайн қатысқан әйгілі актер әрі саясаткер Арнольд Шварценеггер әлем елдерін Ресейден отын ресурстарынанмүмкіндігінше тезірек бас тартуға шақырды.
Біз барлығымыз әр кеш сайын жаңалықтарда көрсетілетін сюжеттерден қорқамыз. Бірақ өзімізге адал болайық. Соғыстың алғашқы екі айында Ресей Украина қалаларына ұшырған 1300 зымыранның құны 7,7 миллиард еуроны құрады. Бұл әрине, көп сияқты. Бірақ Еуропа елдерінің Ресейге жанармай үшін 44 миллиард еуро төлегенін естен шығармауымыз қажет, - деді актер.
Калифорнияның экс-губернаторы өз сөзінде тезірек жасыл энергетикаға көшу қажеттігін атап өтті.
«Сіз бұл туралы не ойласаңыз да, біздің қолымызда қан бар, өйткені біз соғысты қаржыландырамыз. Өзіңізге өтірік айтудың қажеті жоқ. Бізде қазбалы отыннан бас тарту үшін қажет нәрсенің барлығы да бар. Енді бұл технологияларды пайдалану моральдық міндет», - деп қорытындылады сөзін Арнольд Шварценеггер.