Halyq Uni логотип
×

Экс-министр Қуандық Бишімбаев жазасын қайда өтеп жатыр?

Депутат сотталғанның да құқығы бар екенін айтты

 Дәурен Ерболат 14.11.2024 | 11:50
Экс-министр Қуандық Бишімбаев жазасын қайда өтеп жатыр?
Фото: Halyq Uni

Сенат депутаты Марат Қожаев әйелін өлтіргені үшін 24 жылға сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын қайда өтеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысынан соң депутатқа «Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың фотосы неге колонияда ілінбеген?» деген сұрақ қойылды. 

Марат Қожаев жазасын өтеп жатқан экс-министрдің құқығы бар екенін атап өтті.

Бұл азаматтың құқығын қорғауға байланысты. Тіпті, жазасын өтеп жатқан адамның да құқығы бар. Егер ол өзін көрсеткісі келмесе, оны мәжбүрлеу мүмкін емес. Дөрекі айтсам, мені кешіріңіз. Мен қарулы күштің өкілімін ғой. Бұл (түрме) зоопарк емес. Ресми тұлғаларға сену керек. Ол (Қуандық Бишімбаев) жазасын Степногорск қаласындағы қауіпсіздігі жоғары колонияда өтеп жатыр, – деді сенатор.

Еске салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған еді. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде экс-министрдің түрмеден қашып кеткені жөнінде жалған ақпарат тараған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама