Алматыда қар көшкіні жүруі мүмкін – ТЖМ
Қауіпсіздік шаралары да айтылды
Қымбат Елтайқызы
14.11.2024 | 10:40
Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.
2024 жылдың 13-15 қараша аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін, деп мәлімдеді ведомство.
ТЖМ көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
Мамандар таудағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:
- Маршрутыңызды егжей-тегжей зерттеңіз.
- Қар көшкіні, сел қаупі бар жерлерден аулақ болыңыз, әсіресе қатты жауын-шашыннан кейін.
- Жақындап келе жатқан сел ағынының шуын естігеннен кейін бірден 50-100 метр жоғары көтерілу керек.
- Қар көшкіні мен сел өмірге қауіп төндіретін үлкен салмақты тастарды ұшыратуы мүмкін.
- Әрқашан есіңізде болсын, қар көшкіні әрі сел ағынынан тек қашу арқылы құтылуға болады.
- 112 бірыңғай нөмірінен ескертулерді қадағалаңыз, қар көшкіні және сел қаупі төнген жағдайда тауға баруды кейінге қалдырыңыз.