Жоғары аудиторлық палата заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берді
Абай облысында аграрлық компанияларға несие беру кезінде заңбұзушылықтарға жол берілген, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жоғары аудиторлық палатаның ақпаратына сәйкес, өңірде биыл мамырда өткен аудит барысында ауыл шаруашылығы жобаларын іріктеу жөніндегі комиссия екі қарыз алушыға («Қалиханұлы» шаруа қожалығы және «Өрнек» ЖШС) жалпы көлемі 2 млрд теңгеге кепілдік болмағанына қарамастан несие беру туралы шешім қабылдағаны анықталған.
Ведомство өкілдері биыл 14 қазанға дейін аталған заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берді.
Нәтижесінде «Семей» ӘКК» АҚ аталған кәсіпорындармен 2,6 млрд теңгеден астам қаржыға кепіл шарттарын жасасты. Кепіл ретінде көліктер, жабдықтар және басқа да мүлік қабылданды, – делінген Палата хабарламасында.
Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасы орындалып, бақылаудан алынды.