Гавайи штатының мэрі қазақ азаматына ерлігі үшін алғыс білдірді
АҚШ-та тұратын қазақ азаматы суицид жасамақ болған әйелді құтқарып қалды. ШҚО-да дүниеге келген Ақжан Аңсағанов көпірден секіруге бекінген әйелді ұстап қалып, полиция келгенше оның көңілін аулауға тырысқан.
Қазақ жігітінің әрекетін жайлы әлеуметтік желіде Талғат Алман есімді журналист баяндады. Оның айтуынша, оқиға 2 қараша күні болған.
Видеодан Ақжан мен өзге куәгерлердің қызды тыныштандыруға тырысып жатқанын көре аласыздар. Ең қызығы, Гавайи штатының мэрі Ақжанға ерлігі үшін алғыс білдіріп, 8-ші қарашаны ресми түрде Ақжан Аңсағанов күні деп белгілепті. Меніңше, адамдар мұндай батырларды білуге тиіс, - деп жазды Талғат Алман.
Ақжан Аңсағанов Шығыс Қазақстанда облысындағы Теректі ауылында дүниеге келген. АҚШ-та тұрып жатқанына бес жыл болған. Ол Америка инвестициялық компаниясының Орталық Азиядағы (Central Asia advisor to American Investment company) басшысының кеңесшісі болып қызмет атқарады.