Алматыда есірткі зертханасы жойылды
Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды
Алматыда есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, 8 қарашада синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан жасырын зертхананың қызметі тоқтатылған.
Психотроптық затты дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Ақпаратқа сәйкес, тінту барысында 7 келіден астам дайын есірткі және 30 литр сұйық «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар алынған.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды