Илон Маск АҚШ-та жаңадан құрылған министрлікті басқарады

Халық үні

Менің әкімшілігімдегі үкіметтік бюрократияны жоюға, пайдасыз шығындарды азайтуға жол ашады, - деді Трамп

фото: Getty Images

Tesla басшысы Илон Маск пен американдық кәсіпкер Вивек Рамасвами АҚШ билігіне келді. Бұл туралы жаңадан сайланған президент Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Трамптың айтуынша, Илон Маск пен Республикалық партия атынан президент сайлауына бұрын үміткер болған кәсіпкер Вивек Рамасвами жаңадан құрылған Тиімділік министрлігін басқаруға лайықты.

Бұл екі керемет американдық менің әкімшілігімдегі үкіметтік бюрократияны жоюға, пайдасыз шығындарды азайтуға және федералды агенттіктерді қайта құрылымдауға жол ашады, – деді АҚШ президенті.

Ал Илон Маск CNN-ге берген сұхбатында «мұның бәрі Үкіметті тонаумен айналысатын көптеген адамның ашуын туғызатынын» айтқан.