Halyq Uni логотип
×

Қосшының бұрынғы әкімі басқа қаланы басқаратын болды

Оны қала активіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов таныстырды

 Халық үні 13.11.2024 | 20:40
Қосшының бұрынғы әкімі басқа қаланы басқаратын болды
фото: gov.kz

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 13 қарашадағы өкімімен және Президент әкімшілігінің келісімімен, сондай-ақ мәслихат депутаттарының мақұлдауымен Степногорск қаласының әкімі болып Гайдар Қасенов тағайындалды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Степногорсктың жаңа басшысын қала активіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов таныстырды. Ол бұрынғы әкім Алпысбай Қайыржановқа алғысын білдіріп, жаңа әкімге сәттілік тіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Гайдар Қасеновке қаланы дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бойынша бірқатар міндет жүктелді.

Бүгінде жылыту маусымында қала әкімі үшін ең басты міндет – халықты және әлеуметтік нысандарды жылумен үздіксіз және тұрақты қамтамасыз ету. Сондай-ақ сумен жабдықтау нысандарының жұмысын аяқтау және оларды уақытында іске қосудың ерекше бақылауда болуы қажет, - деді Елдос Рамазанов.

Сонымен қатар, Степногорск қаласының әкімдігіне инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті дамыту және тұрғын үй құрылысы бойынша нақты жұмыстар жүргізу тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама